CryptoPay: Президентке отандық алғашқы криптовалютамен төлеу үрдісі көрсетілді

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысына отандық CryptoPay жүйесін пайдалану арқылы Қазақстандағы алғашқы криптовалютамен төлеу үрдісі көрсетілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті. 

Президентке отандық алғашқы криптовалютамен төлеу үрдісі көрсетілді
Фото: Ақорда

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ ойындары-2026» халықаралық турниріне дейінгі кері санақты интерактивті форматта іске қосты

Президентке отандық алғашқы криптовалютамен төлеу үрдісі көрсетілді
Фото: Ақорда

Президент бүгін Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көрді. Орталықта жасанды интеллект саласындағы ғылыми зерттеулер мен білім беру бағдарламалары жүргізіліп, стартап-бастамалар мен басқа да қолданбалы шешімдердің енгізілуіне жағдай жасалады.

Іске асырылып жатқан жобалар ЖИ технологиясын мемлекеттік секторда, бизнесте және күнделікті өмірде қолдануға мүмкіндік береді.

Жалпы, Орталық Мемлекет басшысының Қазақстанды технологиялық, заманауи және бәсекеге қабілетті елге айналдыруды көздейтін стратегиялық бағдарын орындау мақсатында құрылған.

Президент Орталықты аралау барысында Astana Smart City жобасының іске қосылғанына куә болды.

Соңғы жаңалықтар