ЦСКА Бахтияр Зайнутдиновтың трансфері үшін бонус күтіп отыр

None
Фото: sports.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Түрік бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтияр Зайнутдиновтың мәскеулік ЦСКА-дан Ыстамбұлдың «Бешикташына» ауысуына байланысты қанша қаржы төленетіні туралы мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бешикташ» футболшы үшін ЦСКА-ға 4,5 миллион еуро төлейді. Сондай-ақ ресейлік клуб ойыншыны қайта сатудан 15% алады және белгілі болғандай, 500 000 еуро көлемінде бонус күтіп отыр.

Еске салайық, Бахтияр Зайнутдинов «Бешикташпен» төрт жылдық келісімшартқа отырған. Соған сәйкес қазақстандық жылына 1,2 миллион еуро табыс табады. Зайнутдинов ЦСКА сапында 2020 жылдан бері ойнап келеді. Осы маусымда ол «армиялық команда» сапында бес кездесу өткізіп, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.


Соңғы жаңалықтар