«ЦСКА» футболшылары екінші лигада тағы да жеңіске жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда екінші лига командалары арасында өткен ұлттық біріншілікте «ЦСКА» және «Атырау» командаларының футболдан жарысы аяқталды. Жарыс нәтижесінде әскерилер 1:0 есебімен ұтты, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Жеңіске жеткізген голды қарсыластар қақпасына әскери клубтың шабуылшысы Амаль Сейітов соқты.
«Бұл - әскерилердің Қазақстанның футболдан өткен екінші лига маусымындағы он сегізінші жеңісі. Жігіттер әскер спортының намысын қорғап жүргендеріне өте риза. Бүгінде олар жастар арасындағы үздіктер бестігінің қатарында, ойын алаңында кәсібилігі мен шеберлігін танытып, жақсы нәтижелер көрсетіп жүр», - деп баяндады «ЦСКА» футбол командасының жетекшісі Нұрбол Қошқарбаев.