ЦСКА Қарулы Күштердің әскерилендірілген кросы бойынша чемпионат өткізді

СТАНА. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат - Қарулы Күштерді дайындау жоспарына сәйкес және әскери қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорттың кростық түрлерін көпшілік арасында тарату мақсатында қыркүйектің 2-сі мен 4-і аралығында Щучье қаласында Қарулы Күштердің әскерилендірілген кросы бойынша он екінші жеке-командалық чемпионат өткізілді. Чемпионатты ұйымдастырушы - Спорт Комитеті - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің армияның орталық спорт клубы, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.
None
None

Чемпионатқа 12 команда қатысты, олардың арасында келісім-шарт бойынша жұмыс жасайтын әскерилер мен жедел қызмет жауынгерлері, ҚМ әскерлерінің барлық түрлері мен бағыттарының өкілдері, аймақтық қолбасшылықтар, Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарының курсанттары бар. Жарыстарға 12 нәзік жанды әскери қызметші де белсенді атсалысып, өздері қызмет жасап жүрген бөлімшелердің намысын жыртты, жеңіске деген құлшынысы мен біліктілігінің арқасында жақсы нәтижелерге қол жеткізе алды. Олардың арасында 1500 метр қашықтықта бірінші көрсеткішке қол жеткен қатардағы жауынгер Наталья Саковнина да бар.

Ал ер азаматтар арасында 3000 метрлік қашықтықта қатардағы жауынгер Александр Сысоев көзге түсті.

Чемпионат соңында жарыс нәтижелері шығарылып, жеңімпаздар грамоталар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Соңғы жаңалықтар