Cтоилов Латвия-Қазақстан матчында қай футболшылар ойнайтынын айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Станимир Стоилов УЕФА Ұлттар Лигасының Латвия құрамасына қарсы көшпелі матчының бастапқы құрамын жариялады, деп хабарлайды ФФК сайтына сілтеме жасаған «SPORTINFORM».

Cтоилов Латвия-Қазақстан матчында қай футболшылар ойнайтынын айтты

Болгар маманы құрамды «Қайрат» пен «Астана» ойыншылары арасынан іріктеп алды. Бастапқы құрамда ел чемпионаты өкілдерінің саны көп - 8 адам. Команда резервінде, сондай-ақ, екі жетекші клубтың футболшылары да жеткілікті.

Қазақстан құрамасындағы жалғыз легионер Еркебұлан Сейдахмет те қосымша құрамда қалғанын атап өту керек.

Командамыздың бастапқы құрамы мынадай:

Ненад Эрич (В) - Абзал Бейсебеков, Евгений Постников, Сергей Малый, Дмитрий Шомко, Георгий Жуков, Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат, Бактиер Зайнутдинов, Роман Муртазаев, Алексей Щеткин.

Резервте: Владимир Плотников (В), Дмитро Непогодов (В) - Юрий Логвиненко, Нұралы Әліп, Гафуржан Суюмбаев, Александр Соколенко, Ян Вороговский, Магамед Парагульгов, Думан Нарзилдаев, Максим Федин, Бауыржан Тұрысбек, Еркебұлан Сейдахмет.

Еске сала кетейік, Латвия мен Қазақстан арасындағы ойын бүгін Рига қаласында өтеді. Кездесу Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады. Матчтың тікелей көрсетілімін «QazSport» телеарнасынан көруге болады.