CTS компаниясының елорда әкімдігіне дебиторлық қарызы 8,8 млрд теңгеге жеткен

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – CTS компаниясының Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің алдындағы дебиторлық қарызы 8,8 млрд теңгеге жеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты мен Тексеру комиссиясының бірлескен отырысында Көлік және жол көлігі инфранқұрылымын дамыту басқармасының басшысы Жансұлтан Сапарбаев осындай мәлімет айтты.

«Бүгінгі таңда біздің басқарманың дебиторлық қарызы 23,2 млрд теңгеге жуықтайды. Оның 8,5 млрд теңгесі цессиялық келісімшарт бойынша туындаған. Бұл қарыз «CTS» компаниясының шаруашылық қызметі кезінде автобус сатып алу лизингтері бойынша қордаланған. Аталған пункт бойынша екі арада медиативтік келісім бар. 2027 жылға дейін қарызды жабуға міндет алған», - деді басқарма басшысы.

Аталмыш басқарманың балансында биылдың өзінде 10 млрд теңгеден асатын дебиторлық қарыз қалыптасқан.

«Бұдан бөлек 4,4 млрд теңгедей дебиторлық қарыз және бар. Ол бойынша «Сот орындаушысы» ЖШС-мен меморандум бекіттік. Сондай-ақ, биылдың өзінде 10 млрд 400 млн теңге дебиторлық қарыз қалыптасты. Ол кәсіпорындарға ағымдық жұмыстар бойынша аванс төлеуге байланысты туындады», - деді Жансұлтан Сапарбаев.


Соңғы жаңалықтар
telegram