Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Цукерберг АҚШ президенттігіне сайлауға түспейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Facebook-тің іргетасын қалаған Марк Цукерберг BuzzFeed порталына АҚШ президенттігі үшін сайлауға түспейтінін мәлімдеді.

Цукерберг АҚШ президенттігіне сайлауға түспейді

«Мен Facebook-тағы қоғамдастық пен Chan Zuckerberg Initiative қорының жұмысына күш салып жатырмын», - деді Цукерберг.

«Марк сайлауға түседі деген ой шындыққа жанаспайды, мен мұны оның өз аузынан естідім», - деп келтірді портал дереккөздің сөзін келтіре отырып. Оның айтуынша, Facebook Цукерберг үшін бүгінде дүниежүзінде миллиардтаған адамның өмірінде маңызды рөл ойнап отырған әлемдік қоғамдастық болып табылады.  

Бұған дейін БАҚ-тар әлеуметтік желінің негізін қалаушы 2020 жылға қарай сайлауалды жарысқа түсетіндігін хабарлаған еді, деп жазды «РИА Новости».

Facebook әлеуметтік желісін 2004 жылы 19 жастағы америкалық студент Марк Цукерберг ойлап тапты. Оның штаб-пәтері Менло-Паркте (Калифорния) орналасқан.