Цукерберг АҚШ-тың ең жомарт азаматы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Сhronicle of Philanthropy» журналының нұсқасы бойынша Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг пен оның зайыбы Присцилла Чан 2013 жылы АҚШ-тың ең жомат әрі қайырымды азаматтары болып танылды.

Цукерберг АҚШ-тың ең жомарт азаматы атанды

Аталған жұп «Silicon Valley foundation» қорына әлеуметтік желінің 18 млн. акциясын садақа ретінде берген.

970 млн. доллардан астам қаржыға бағаланған бұл сома 2013 жылы АҚШ-тағы ең қомақты көмек болып саналады.

Цукерберг пен Чан бүгінде Билл және Мелинда Гейтс секілді қайырымдылық қолдаушыларының алдына шығып отыр.