Цукерберг Эболамен күреске 25 миллион доллар бөлді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы және иесі Марк Цукерберг Эбола безгегіне қарсы күрес үшін 25 миллион доллар аударғандығын жариялады, деп жазады BBC.
Оның айтуынша, қаржы АҚШ Денсаулық сақтау министрлігінің Ауруды емдеу және бақылау орталығына бөлінеді.
Бұл қайырымдылығы үшін АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінің басшысы Джон Керри жас миллиардерге алғысын білдірді.