Цукерберг Facebook акцияларының 99%-ын қайырымдылыққа жұмсайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Марк Цукерберг әйелі Присцилла Чан екеуі Facebook акцияларының 99%-ын қайырымдылыққа жұмсау туралы шешім қабылдағанын айтты.
None
None

Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.

«Біз өміріміздің соңына дейін қазіргі таңда құны 45 миллиард доллар болатын Facebook акцияларының 99%-ын қайырымдылыққа жұмсаймыз. Осылайша әлемді гүлдендіруге үлес қоспақпыз», - деп жазды Цукерберг әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бұл жазбаны ол өзінің кішкене қызы дүниеге келуіне байланысты жариялаған, ерлі-зайыптылар бүлдіршіннің атын Макс деп қойған.

Соңғы жаңалықтар