Цукерберг мемлекет басшыларын коммуникативті революцияға қосылуға шақырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Facebook әлеуметтік желісінің негізін салушы Марк Цукерберг Лимада өткен Азия - Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммитінде жиынға қатысып отырған мемлекет басшыларын жаһандық коммуникативті революцияға қосылуға шақырды, деп хабарлайды Gazeta.ru «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасай отырып.
«Мен болашаққа жарқын көрқарастағы азаматпын, сонымен қатар мен реалистпін. Біз өзара ымыраластық пен коммуникациялық инфрақұрылымды жоспарымыздың басты мақсаты етіп алуымыз керек»,-деді ол.
Цукерберг баяндаған тақырып «Коммуникативті революция» болатын.
Перудың астанасы Лимада 19-20 қараша күндері Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығының 24-ші саммиті өтті.