«CUNIT» теннис академиясының жаттықтырушылары қазақстандық балаларды шеберлікке баулыды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Ұлттық теннис орталығының қолдауымен 22-25 тамыз аралығында Астанада аймақ-аймақтан келген 20 шақты бала «CUNIT» халықаралық теннис академиясының мамандарынан дәрiс алған.

«CUNIT» теннис академиясының жаттықтырушылары қазақстандық балаларды шеберлікке баулыды (ФОТО)

Испанияның теннистен жоғары бiлiктi жаттықтырушысы, «CUNIT» академиясының президентi Фабио Мугги бастаған тағы екi жаттықтырушы қазақ балаларына өздерiнiң жеке жүйелерi бойынша теннис ойнауды үйреткен. Ұлттық теннис орталығының баспасөз хатшысы Жанар Тiлеуқұлдың айтуынша, орталық Астана, Көкшетау, Ақтау, Өскемен, Ақтау қалаларынан балаларды iрiктеп алған. Ал, шетелдiк мықты мамандардың дәрiсiне қажеттi қаржыны ата-аналары өздерi төлеген.

"Фабио Магги өз теннис академиясын 15 жыл бұрын ашқан. Өзi ұзақ жылдар бойы теннис ойнаған екен. Балаларымызға ерекше жаттығулар, жалпы, өте көп дүние үйреттi. Себебi, маман үлкен теннистiң қыр-сырын әбден меңгерген әрi оның авторлық курсы бар", - дейдi ата-аналар.

Ал, Ф.Маггидiң айтуынша, қазақ балалары оның авторлық курсын тез игерiп алған. "Балалардың қабiлетi жақсы, тек олар бұрын теннистiң осындай жаттығуларын көрмеген, бiлмеген. Әрине, жаттығу үшiн бiр апта аздық етедi, бiрақ, бiр аптаның өзi олардың көзқарастарын, дайындық деңгейлерiн өзгерттi. Мен оларды күнiне алты сағаттан дайындадым, сонда да шаршамайды", - дейдi испандық теннисшi.