Цюрих фермері салмағы 768 келілік асқабақ өсірді

АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Цюрих кантонындағы Пфуген коммунасының фермері Бени Майер Швейцариядағы ең ауыр асқабақты өсіре алды.
None
None

 Сол кантондағы Зеегребен шағын қаласында өткен жәрмеңкеге қойылған  көкөністің салмағы 768,5 келі болды, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Енді Майер Еуропадағы ең ауыр асқабақты өсірген фермер атағы үшін күресуге ниетті. Соған байланысты ол өзінің «туындысымен» келесі жексенбі күні жәрмеңке өтетін германиялық Людвигсбургке жол тартпақшы. Швейцариялық азаматтың мүмкіндіктері жаман емес. Еуропалық «рекорд» жасалды, ал француз Махди Даоның 2009 жылы өсірген асқабағының салмағы Майердің көкөнісінен 38 келі кем.

Әлемдік рекорд өткен аптада АҚШ-та тіркелді: мұнда өсірілген асқабақтың салмағы 911 келіні құрады.

Соңғы жаңалықтар