Цюрихте ФИФА-ның жаңа басшысын сайлайтын конгресс басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Цюрихте Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) кезектен тыс конгресі басталды. Онда ұйымның жаңа президенті сайланады, деп хабарлады РИА Новости.

Цюрихте ФИФА-ның жаңа басшысын сайлайтын конгресс басталды

Конгресс бүгін, жұмада Цюрихтегі "Халленштадион" аренасында өтуде. Президентті сайлаудан бөлек конгресс ұйымның басқару құрылымын өзгертетін бірқатар ауқымды реформаны қабылдауы керек.

ФИФА басшысы лауазымына үміткерлер: Иордания ханзадасы Әли бин Әл-Хусейн, УЕФА бас хатшысы Джанни Инфантино, Азиялық футбол конфедерациясының (AFC) президенті шейх Салман бин Ибрагим әл-Халифа, ФИФА бас хатшысының бұрынғы орынбасары француз Жером Шампань және оңтүстікафрикалық Токио Сексвале.