Д.Абаев «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы және «1414» Бірыңғай байланыс орталығы жұмысымен танысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация бөлімдеріне, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ («ҰАТ» АҚ) және «1414» Бірыңғай байланыс орталығына барды, деп хабарлады ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметінен.
None
None

«ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация бөлімдеріне, «ҰАТ» АҚ-на және «1414» Бірыңғай байланыс орталығына барды.

Мемлекеттік корпорацияда Дәурен Абаевты компанияның барлық фронт-офистерін біріздендіру жұмыстарының шеңберінде жаңғыртылған ЗТМО офисімен таныстырды. Офистердің инфрақұрылымын жаңғырту еліміздің халқына мемлекеттік қызметтер ұсынудың бірыңғай қағидаттарын қамтамасыз ету үшін жүргізіледі. Бүгін ЗТМО офистарының 90% кедергісіз қызмет көрестуге көшіріліп, жұмыс уақыты 9.00-ден 20.00-ге дейін ұзартылды.

Еске сала кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» төрт негізгі: «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы», «Жылжымайтын мүлік орталығы», «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК қосылғаннан кейін осы жылдың сәуір айынан бастап жұмыс істейді.

Жаңа құрылым 530 мемлекеттік қызметті біріктірді, ал жақында мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мемлекеттік корпорацияға беру үшін тағы 53 қызметті айқындады.

Осылайша, жақын уақытта азаматтар «Азаматтарға арналған үкімет» фронт-офистері арқылы 583 қызметті ала алады.

Сонымен бірге министр «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ға барып, ҚР Ашық үкіметінің компоненттерімен танысты, олар төрт жұмыс істейтін порталдан тұрады: Ашық мәліметтер, Ашық НҚА, Ашық бюджеттер және Ашық сұхбат. Бесінші компонент - мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау порталы келесі жылдан бастап жұмысын бастайды.

Жобаны іске асыру мемлекеттің ашықтығы мен есептілігі деңгейін арттырудан басқа, мемлекеттік органдардың шешімдерін дайындауға және іске асыруға қоғамның барынша белсенді қатысуын және олардың қызметінің тиімділігін бағалауды қамтамасыз етеді.

Бүгін Ашық үкімет порталында ашық мәліметтердің 800-ден астам жиынтығына, 1700-дей НҚА және 160-тан астам бюджетке қолжетімді, ал Ашық сұхбат порталында өтініштердің саны 190 000 көрсеткіштен асып түсті.

«Бұдан басқа, Дәурен Абаев 1414 мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығының (ББО) жұмысымен танысты. Күнделікті ББО-ға Қазақстан бойынша кемінде 14 000 қоңырау келіп түседі, оларды 120 оператор өңдейді. ББО-да 704 мемлекеттік қызмет бойынша кеңес беру жүзеге асырылатынын және ағымдағы жылдың соңына дейін кеңес беру үшін тағы 35 қызметті қабылдау жоспарланғандығын атап өтеміз», - делінген ведомство хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар