Д.Ақышев: Ұлттық банк үшін негізгі басым міндет - инфляцияны ортамерзімді аралықта 4 пайызға дейін төмендету
Ол өз сөзінде Елбасының Жолдауда берген тапсырмаларын орындау бойынша Ұлттық банктің шаралары алдағы жоспары Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарында көзделгенін атап өтті.
«Алдын ала болжауға болатын және төмен деңгейдегі инфляция, кредиттік және инвестициялық белсенділіктің өсуіне ықпал етеді. Еліміздегі ақшаның және қаржының тұратылығын айқындайды. Сол себепті инфляцияны 6-8 пайыз шамасында ұстап тұру және ортамерзімді аралықта 4 пайызға дейін төмендету Ұлттық банк үшін негізгі басым міндет болады», - деді Д.Ақышев.
Оның атап өтуінше, бұл Ұлттық Банктен де, Үкіметтен де экономикалық реформаларды іске асыру, ақша-кредит саясатын жүргізу барысында айтарлықтай күш-жігер жұмсауды талап етеді.
«Түпкілікті мақсатымыз - кредиттік және инвестициялық белсенділіктің өсуі, еліміздегі ақшаның және қаржының тұрақтылығын қамтамасыз ету. Оған алдын ала болжанатын және төмен инфляция деңгейі ықпал ететіндігі белгілі», - деді ол.