Д.Ақышев: Ұлттық банктің бұрынғы және қазіргі басшылығы арасында ешқандай алауыздық жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкінің бұрынғы төрағасымен арамызда еш келіспеушілік жоқ. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев БАҚ өкілдерінің сауалына орай осылай деді.

Д.Ақышев: Ұлттық банктің  бұрынғы және қазіргі басшылығы арасында ешқандай алауыздық жоқ

«Ұлттық банктің қазіргі басшысы мен бұрынғы басшысы арасындағы өзара қарым-қатынасқа қатысты сұрақ қойылған болатын. Біздердің дұрыс жұмыс қарым-қатынасымыз бар. Өздеріңізде білетіндей, Ұлттық банк - бұл бай әрі терең дәстүрге ие ұйым. яғни, Ұлтық банктің барлық төрағаларының арасындағы қарым-қатынас жақсы», - деді ол.

Оның атап өтуінше, Ұлттық банктің барлық іс-шараларына, мәселен, Ұлттық валюта күніне банктің бұрынғы басшыларының барлығы да шақырылады.