Д. Бекхэмның ұлы «Арсеналмен» келісімшартқа тұрды
АСТАНА. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат - Лондондық "Арсенал" жасөспірімдер командасының қатарына аты әлемге мәшһүр ағылшын футболшысы Дэвид Бекхэмның ұлы қосылды.
10 жасар Ромео Бекхэм «канонирлер» академиясына түсіп, аталған клубпен келісімшартқа тұрды, деп хабарлайды РБК.
«Екі ұлым «Манчестер Юнайтедтің» жанкүйері болса, үшіншісі "Арсенал" десе ішкен асын жерге қояды. Неге олай болғанын түсінсем бұйырмасын?! Бір балам «Челсимен» жаттығып жүр. Одан не шығатынын көреміз», - деп кезінде "Спорт-Экспресс" Бекхэмның сөзін келтірген. Міне, бүгін Ромео үлкен футболға алғашқы қадамын жасап, әкесінің үмітін ақтаған сыңайлы.
«Ол футболға жан-тәнімен берілген. Сол қасиеті үшін мен оны алдым. Бекхэм таң атпай осында келеді, содан тыным таппайды. Жас ойыншылар одан үлгі алады, ал ол ағалық танытып, қашан да кеңес беруге дайын тұрады. Жаттығуға ең бірінші келетін де, жаттығудан ең соңғы кететін де сол», - деді лондондықтардың бапкері Арсен Вангер.