Д. Елеусінов пен Ә. Ниязымбетов - Әлем чемпионатының финалында
АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшылар Данияр Елеусінов пен Әділбек Ниязымбетов Әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды.
69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Данияр Елеусінов Германия өкілі Аражик Марутяннан 3:0 есебімен басым түссе, 81 келі салмақта шаршы алаңға көтерілген Әділбек Ниязымбетов Өзбекстан боксшысы Ойбек Мамазулуновты тізе бүктірді. Есеп - 3:0.
Бұған дейін ақтық сынға қазақстандықтар Біржан Жақыпов (49 кг), Мерей Ақшалов (64 кг) және Жәнібек Әлімханұлы (75 кг) жолдама алса, Қайрат Ералиев (56 кг) пен Берік Әбдірахманов (60 кг) қола жүлдегер атанған болатын.