Д.Елеусінов спорттық мансабын кәсіби рингте жалғастырмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Боксшы Данияр Елеусінов спорттық мансабын кәсіби рингте жалғастыруға ниетті. Қазақстан құрама командасының капитаны, Азиада ойындарының чемпионы бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен 17-ші Азия ойындарының қорытындысына арналған брифингте мәлім етті.
«Менің ойымша, тіпті әуесқой рингтегі спорттық мансапты аяқтаған жағдайда да оны Геннадий Головкин сынды кәсіби рингте жалғастыратын боламын», - деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Сондай-ақ Д.Елеусінов әуесқой бокспен 40 жасқа дейін айналысуға болатын атап өтті. Бірақ, өзінің дәл осы жасқа дейін әуесқой бокста қалуды жоспарлап отырмағандығын баса айтты.