Д.Гурцкая ҚР Президентіне шынайы ризашылығын білдірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Ресейдің эстрада жұлдызы Диана Гурцкаяның қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Шара барысында ол МузТВ сыйлығын табыс ету салтанатты шарасына қатысты ойымен бөлісіп, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.
None
None

«Ең алдымен ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа әлемдік деңгейдегі МузТВ сыйлығын елордада өткізуге мүмкіндік бергені үшін шынайы алғысымды білдіремін. Мен ресейлік әншілердің ішінен ең бірінші болып елордаларыңызға келіп отырмын. Қалада мерекелік көңіл-күй сезіледі», - деді ол.

Әншінің атап өтуінше, ағымдағы жылы МузТВ сыйлығын табыс ету шарасының Қазақстан астанасында өтетіндігін ресейлік эстрада жұлдыздары жылы қабылдаған.

Сонымен қатар ол ертең елордадаға зағип балаларға арналған мектеп-интернатқа барып, кездесу өткізетіндігін атап өтті. «Онда концерт болатындығына сенімдімін. Балалар арнайы концерттік бағдарлама әзірлеп отыр. Мен де ән айтып, өзімнің өмірім жайында шынайы әңгімелеп беретін боламын», - деді Д.Гурцкая.

Оның айтуынша, МузТВ сыйлығын табыс ету салтанатты шарасы қарсаңында ұйымдастырылатын гала-концертке Қазақстан мен Ресейдің 70-ке жуық әншісі қатысып, олар 100-ге тарта ән орындайтын болады.

Соңғы жаңалықтар