Д. Исабеков Мемлекет басшысына ағылшын тіліндегі кітабының тұсаукесері және «Өкпек жолаушы» пьесасының премьерасы өтетінін айтты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы жазушы және қоғам қайраткері Дулат Исабековпен кездесті.

 Д. Исабеков Мемлекет басшысына ағылшын тіліндегі кітабының тұсаукесері және «Өкпек жолаушы» пьесасының премьерасы өтетінін айтты

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды. Әңгіме барысында отандық мәдениетті дамыту мәселелері мен қазіргі заманғы әдеби үдерістердің аспектілері талқыланды.

Мемлекет басшысы қазақстандықтардың мәдени және рухани баюына тікелей ықпал ететін жазушылар мен барлық шығармашылық өкілдері қызметінің маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ баршасына табыс тіледі.

Д.Исабеков өзінің соңғы жазған туындылары мен шығармашылық жоспарлары жөнінде әңгімеледі. Атап айтқанда, ол алдағы уақытта Лондонда ағылшын тіліндегі кітабының тұсаукесері және «Өкпек жолаушы» пьесасының премьерасы өтетінін айтты.