Д.Қадырбаев пен А.Тәжаяқовтың жазасын Қазақстанда өтеуіне мүмкіншілік жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Диас Қыдырбаев пен Азамат Тәжаяқовтың соттылығын Қазақстанда өтеуіне мүмкіншілік жоқ. Бұл туралы бүгін БАҚ өкілдеріне ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
None
None

Ол өз сөзінде соңғы уақыттарда бүкіл ақпарат құралдарында немесе әлеуметтік желілерде Бостондағы марафон барысындағы жарылысқа кінәлілердің айғақ заттарын жойды деп айыпталған Қазақстан азаматтары Д.Қыдырбаев пен А.Тәжаяқовтың елге қайтарылуы мүмкіншілігі жайында әңгіме қозғалғандығын атап өтті.

«Құқықтық тараптан алатын болсақ, оны негізсіз деуге болады. Өйткені, Америка мен Қазақстан арасында сотталған, бас бостандығынан айырылған азаматтарды өзара алмасу немесе беру туралы құқықтық негіз жоқ»,- деді А.Әбибуллаев.

Соңғы жаңалықтар