Д. Қонаев туралы естеліктер шыққанымен әлі түбегейлі зерттеулер жоқ - академик Көпжасар Нәрібаев
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Әзірге қолдан келген дүниені іске асырып жатырмыз. Бірақ Димекеңнің атақ-абыройын, сіңірген еңбегін, тұлғалық ірілігін түгел дәріптеп болдық деп айта алмаймын. Біріншіден, естеліктер бар, кітап шықты. Екіншіден, газет-журналдарда әркімнің мақалалары шығып жатыр. Бірақ түбегейлі зерттеу жоқ. Тұлғалығын, ғұламалығын, данышпандығын, даралығын көрсететін. Сондай-ақ сңірге еңбегін түгелдей дәріптеп беретін шығармалар жазылмады", дейді ҚР ҰҒА академигі, экономика ғылымының докторы Көпжасар Нәрібаев. Профессордың айтуынша, 2012 жылы өмірге келгеніне 100 жыл толатын Дінмұхамед Ахметұлының мерейтойын өз деңгейінде атап өту үшін үкімет қаулы қабылдап, атқарылатын іс-шараларды бекітуі керек.
"Қазір Қонаевтану" деген ілім қалыптасып келе жатыр. Д. Қонаев атындағы университеттің ұжымы Қонаевтану деген пән енгізіп, бағдарлама жасап бірқатар азаматқа жастар арасында әңгіме жүргізіп жатыр. Бұл жеткіліксіз. Қонаевтың өмірін, қызметін, еңбегін зерттеу үшін арнайы ғылыми орталық керек. Көзін көрген және замандас адамдардың жазғандары - көріп едім, сөйлесіп едім, маған ақыл-кеңес беріп еді, деген естелік қана. Бізге Д. Ахметұлының бейнесін, ішкі жан дүниесін, тұлғасын ашу қажет. Бұл оңай шаруа емес. Оған ғалымдарды тарту керек", дейді Көпжасар Нәрібаев.