Д. Қыдырәлі Түркі академиясының президенті болып тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Түркі академиясында жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ғылыми орталықтың баспасөз қызметінен.
Түркі академиясының президенті болып тарих ғылымдарының докторы Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі тағайындалды. Ол бұған дейін Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары болып істеген. Айта кетейік, Астанада құрылған бұл ғылыми орталық ҚР Президенті Н. Назарбаевтың бастамасымен 2010 жылы 25 мамырда Түркия және Қазақстан президенттерінің қатысуымен салтанатты жағдайда ашылған еді.