Д.Мацуев қазақ фортепиано мектебі дамуына жоғары баға берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Astana Piano Passion» байқауында 6 қазақстандық жас пианисші бақ сынайды. Бұл туралы бүгін «Astana Piano Passion» байқауының ашылуына арналған брифингте Ресейдің халық әртісі, конкурстың көркемдік жетекшісі әрі қазыларының құрметті төрағасы Денис Мацуев мәлім етті.
«Өткен жылғы конкурстың зор жетістік болғандығы сөзсіз. Ол жайында бүкіл әлем айта бастады. Байқауды барлығы біледі, маған сенулеріңізге болады. Қайда барсам да, адамдар байқауды ғаламтор арқылы көргендігін айтуда. Демек, бұл мәдени шара халықаралық резонанс тудырып отыр», - деді ол.
Оның атап өтуінше, ағымдағы жылғы байқауға әлемнің 23 елінен 120 дарынды жас пианисші қатысуға өтінім берген. Ал олардың ішіннен екінші кезеңге өткен 30 баланы іріктеу алу біраз қиындықтар туындатқан.
«Қазақ фортепиано мектебінің тамаша жетістігін атап өткім келеді. Өйткені, сеніңіздер, олардың деңгейі көз алдымызда өсіп келеді. Қазақстанның әртүрлі қалаларынан таланатты жастар байқауға қатысу үшін өтінім берді және 6 адам екінші кезеңге жолдама алды. Меніңше, бұл - тамаша жетістік. Бұл деңгейде қалып қоймау керек», - деді Д.Мацуев.