Д. Медведев алдағы президенттік сайлауға өзінің кандидатурасын ұсыну туралы мәлімдеме жасауға дайын емес
МӘСКЕУ. 18 мамыр. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Ресей Президенті Дмитрий Медведев 2012 жылы президенттік сайлауға өзінің кандидатурасын ұсыну, не ұсынбауы жайлы нақты ештеңе айта алмайды.
Бұл туралы ол Мәскеу түбінде өткізілген үлкен баспасөз мәслихаты кезінде мәлімдеді.
«Саяси өмір - шоу емес. Ол - нақты технологияларға бағынатын және соларды қатаң ұстану міндеті бар өте күрделі жұмыс. Біз бұл жұмыстармен өмірді өзгертуге бағытталған мақсаттарға жету үшін айналысамыз», - деді Д. Медведев.
"Егер өз кандидатурамды ұсынатын болсам, мен ол туралы алдын ала хабарлаймын", - деді РФ Президенті.