Д.Медведев: Егер Украина ЕО-ны таңдаса, Кеден одағына кіру жолы жабылады

АСТАНА. 9 қыркүйек. ҚазАқпарат - Егер Украина Еуропалық одақ қауымдастығына мүшелікке келісімге қол қойса, онда ол үшін Кеден одағына кіру жолы жабылады, деді РФ премьер-министрі Дмитрий Медведев вице-премьерлермен өткен кеңесте, деп хабарлады РБК.

Д.Медведев: Егер Украина ЕО-ны таңдаса, Кеден одағына кіру жолы жабылады

Қазіргі кездес заңгерлер Украинаның ЕО-ның қауымдасқан одағына кірген жағдайдағы Кеден одағына кіруі мүмкіндігіне талдау жасауды аяқтап, түпкілікті қорытындыға келді, деп баяндады вице-премьер Игорь Шувалов Д.Медведевке. «ЕО мен Кеден одағының нормативтік базалары бір-біріне сәйкес келмейді. Егер Украинаның Еуропалық одақпен келісімі күшіне енсе, Кеден одағы үшін өзекті бірқатар міндеттемелерді Украина қолдана алмайды, соның ішінде бірыңғай кеден тарифін де», деді ол.

Өз тарапынан Д.Медведев жақында Украина премьер-министрі Николай Азаровпен кездескенін еске салды. «Бұл арада ешқандай бұлдыр нәрсе болмауы тиіс. Жағдай қарапайым: Еуроодаққа қауымдасқан мүшелікке шартқа қол қоятын болса, Украина үшін Кеден одағына кіруге жол жабық. Бұл туралы ЕО басшылары да ашықтан-ашық айтып отыр. Бұны барлығы да, соның ішінде Украина азаматтары да түсінуі тиіс. Бұл бүгінде Украина басшылығы жасағалы отырған өзекті саяси таңдау», - деп атап көрсетті РФ премьер-министрі.

Өткен аптада Н.Азаров Кеден одағымен сауда режимін тезірек үйлестірудің маңызы Украина болашағы үшін Еуропалық одақпен еркін сауда аймағын құрудан кем емес», - деп мәлімдеді.

Таяудағы уақытта Украина үкіметі Кеден одағы қатысушы-мемлекеттері келісіміне елдің қосылуында ТМД-ның басқа елдерімен өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою мәселесін қарауға ниетті.

Бұдан бұрын РФ президенті Владимир Путин журналистерге украин билігі Еуроодақпен еркін сауда аймағын құрып, Кеден одағы бірыңғай экономикалық кеңістігіне ықпалдастықты жоғары қоятын болса, Ресей бұл шешімге құрметпен қарайды. Алайда бұл жағдайда өз нарығын қорғауды ойлауға мәжбүр болады, деп мәлімдеді.

«Біз амалсыздан жолды жабамыз», деп мәлімдеді В.Путин және Украинаның өз нарығын еуропалық тауарларға айқара ашып, ЕО қабылдаған техникалық стандарттарды қабылдауы украин кәсіпорындарының өнімдерін украин нарығынан ығыстыруға әкеп соғады, деп атап өтті.