Д.Медведев Каспий жағалауының ынтымақтастығы туралы әңгімелеседі

АСТАНА. Тамыздың  17-сі. ҚазАқпарат -  Ресей  Президенті   Дмитрий   Медведев  Астрахан облысына жұмыс сапары  барысында,  бүгін,  дүйсенбі  күні Каспий  жағалауы  ынтымақтастығының  мәселелері  бойынша   кеңес өткізеді, 

Д.Медведев  Каспий жағалауының ынтымақтастығы  туралы   әңгімелеседі

деп   хабарлайды «РИА  «Новости» агенттігі  Мемлекеттік  кеңестегі  дерек көзге сілтеме  жасап.

Соңғы жылдары Ресейдің   Каспий жағалауындағы  елдермен -  Әзірбайжан, Қазақстан, Түрікменстан және  Иран елдерімен      арадағы  сауда-экономикалық қарым-қатынастары  қарқынды   дамып келеді.   2008   жылы Ресейдің аталған  елдердің тобымен арадағы тауар  айналымы  26,7  миллиард     долларды құрап,  2007 жылғы  көрсеткіштен 21 пайызға  өскен.