Д.Медведев Кеден одағының Кедендік кодексі туралы келісімшартты бекіту туралы заңға қол қойды

АСТАНА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат - Ресей Президенті Дмитрий Медведев 2010 жылы мамырдың 21-інде Мемлекеттік Дума қабылдаған және мамырдың 26-сында Федерация кеңесі мақұлдаған «Кеден одағының Кедендік кодексі туралы келісімшартты бекіту туралы» федеральдық заңға қол қойды, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Д.Медведев  Кеден одағының   Кедендік кодексі  туралы келісімшартты бекіту  туралы заңға қол қойды

Бұл Келісімшартқа 2009 жылы қарашаның 27-сінде Минскіде қол қойылған болатын. Келісімшартқа қолдың қойылуы РФ, Беларусь және Қазақстан елдерінің арасындағы ықпалдастықтың тереңдеуін ескере отырып ЕурАзЭҚ аясындағы Кеден одағының құқықтық базасын қалыптастырудың қажеттілігінен туындап отыр.

Келісімшарттың мақсаты - Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында кедендік үйлестіруді қамтамасыз ету болып табылады.