Д.Медведев Мәскеудің Внуково әуежайын аралап, көрді

АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат - РФ Президенті Дмитрий Медведев Внуково әуежайын аралауда. Оқиға орнында болған куәгер РБК-ға хабарлағандай, Мемлекет басшысының кортежі аэровокзалға келді, деп хабарлайды РБК.
None
None

Бүгін Д.Медведев Мемлекеттік кеңесті өткізуге Уфаға аттанады.

Еске сала кетсек, жуырда Д.Медведев Мәскеудегі Киев вокзалының қауіпсіздік қамтамасыз ету қызметін сынға алған болатын. Президент Федералды қауіпсіздік қызметінің директоры Александр Бортников, Ішкі істер министрі Рашид Нұрғалиев, сонымен қатар, Ресейдің бас прокуроры Юрий Чайкамен вокзалға келіп, теміржол көлігінде қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіліп жатқанын тексерген болатын.

Вокзал ғимаратында Президент бірде-бір милиция қызметкерін кездестірмей, ешбір металл іздеуші көрмеді. Президент вокзал директорына қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіне наразылығын білдірді. Ю.Чайкаға РТЖ-дағы осы жағдайды анықтауға тапсырма берілді. Соған қоса, Д.Медведев РТЖ басшысы Владимир Якунинға теміржол нысандарында қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етіп, үш күннің ішінде істелген шаралар бойынша баяндауын тапсырды.

Соңғы жаңалықтар