Д.Медведев: Мен Ющенкоға айтарымды айттым

АСТАНА. Тамыздың 14-і. ҚазАқпарат - Ресей Президенті Дмитрий Медведев Киевтегі қазіргі билік кезінде РФ мен Украина арасындағы қалыпты қатынастарды орнына келтіру мүмкін емес деп санайды,

Д.Медведев: Мен Ющенкоға айтарымды айттым

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.

«Мен Украина президентіне айтарымның бәрін айттым. Егер мен неге бұлай істегенімді тағы қайталайтын болсам, қосымша дәлелдер келтірмек болсам, оным бұдан да қаттырақ болып шығады, ал мен қазір бұл мәселелер бойынша пікірталасты өрбіткім келмейд», - деп атап көрсетті Д.Медведев.

Ресей басшысының айтуынша, «біріншіден, соңғы кездегі Ресей мен Украина арасындағы қатынастардың түбегейлі нашарлағаны кез келген байқаған адамға түсінікті». «Олар қалай жауап қайтарса да, кінә ресей тарапынан болып отырған жоқ деп санаймын. Бұл - екінші. Ең ақырында, үшінші. Мен қазіргі украиндық басшылар кезінде қалыпты қатынастарды орнына келтірудің орайын көріп тұрған жоқпын», - деді ол.  

Оған айқын дәлел, атап айтқанда ресейлік елшіліктің дипломатиялық тұлғаларын елден шығаруға әрекет жасалуы. «Сондықтан да мен жақында сайланған елшіні онда жібермеуге шешім қабылдадым», - деп атап көрсетті Д.Медведев.