Д.Медведев жаңа Ресей құруға үндеді

АСТАНА.  Қыркүйектің  10-ы.  ҚазАқпарат -  Ресей Президенті Дмитрий Медведев   жаңа Ресей  құруға  үндеді  және  бұл    іске  «ақшаға сатылған   шенеуніктердің  беделді  тобы  мен  ештеңе   істемей  отырған  кәсіпкерлердің»   кедергі  келтіретінін мәлім етті, 
None
None

деп   хабарлайды РБК агенттігі.

«Олар жақсы    жайғасқан.   Оларда  бәрі бар.   Олардың  төрт құбыласы   түгел.  Олар   кеңес өнеркәсібінің   қалдықтарынан   соңғы   тиын табыстарына  дейін сығымдап,     сіз бен бізге тиесілі    табиғаттың  байлығын  талан-таражға  салмақ.   Олар   жаңа ештеңе   құрып жатқан  жоқ,   елдің дамуын қаламайды  және   одан қорқады»,  деп   хабарлады РБК агенттігі   Ресей Президентінің  мақаласы  жарияланған gazeta.ru сайтына  сілтеме  жасап.

Дегенмен,   болашақ олардың    қолында емес.  «Болашақ    біздің  қолымызда.   Біз  сияқтылар    көппіз.   Біз    қарап отырмаймыз, әрекет етеміз.    Асықпай,  аптықпай,  ойланып,  ақылға салып әрекет ететін боламыз.    Әрекетті қазірден  бастауымыз  керек.  Ертеңнен   бастау керек.  Біз  дағдарысты,   артта қалушылықты еңсереміз,   жемқорлықты жоямыз.  Жаңа  Ресей құрамыз. Ресей -  алға!»  деп атап  көрсеткен  Д.Медведев өз мақаласында.

Соңғы жаңалықтар