Д.Мыңбай: Журналистік әдеп кодексін жасауға барлық мүдделі тұлғалар тартылуда

АСТАНА. 13 шілде. ҚазАқпарат - Журналистік әдеп кодексін жасауға барлық мүдделі адамдар тартылуда.

Д.Мыңбай: Журналистік әдеп кодексін жасауға барлық мүдделі тұлғалар тартылуда

Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Н.Назарбаевтың төрағалығымен өткен елді әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелеріне арналған кеңесте ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай айтты, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметінен.

 «Сіздің тапсырмаларыңызды жүзеге асыру үшін барлық қажетті жұмыс жүргізілуде. Халықтың қолына тез тигізуді жеңілдету үшін кітаптар сандық форматқа көшіріліп жатыр. Журналистер кодексі әзірленуде, ол үшін барлық мүдделі адамдар тартылып отыр. Ақпарат саласында еңбек адамдарына баса көңіл бөлінетін болады», - деп атап өтті Д.Мыңбай.

Айта кетерлігі, бүгін Үкімет отырысында Д.Мыңбай Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ағымдағы  жылдың 1 қыркүйегіне дейін министрлік еңбекке, адал кәсіби табысқа, Отанға қызмет етуге, жоғары патриоттық сезімдерге оң көзқарас қалыптастыратын  отандық әлеуметтік-мәдени өнімдерді  жаңғыртудың салалық бесжылдық жоспарын әзірлеп, қабылдайтындығын атап өткен болатын.