Д. Назарбаева әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізудің мәнін түсіндіріп берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева Қазақстанда әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізудің мәнін түсіндіріп берді.
None
None

«Алда әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу күтіп тұр. Осы тақырып айналысында көптеген талқылаулар, түсіндірулер жүріп жатыр және кейбір ақпарат көздері бұрмаланған мәліметтер арқылы халыққа үрей мен қорқыныш тудыратын деректерді жеткізген. Сондықтан да бұл бағытта түсіндіру керек», - деді Д. Назарбаева.
Бұндай жүйе елімізде бұрындары іске қосылып, алайда тиісті деңгейде жүзеге аспағанын еске салып өткен вице-премьер, дегенмен де медициналық сақтандыру жүйесін ұмыт қылу дұрыс емес екенін сөз етті. Бұл тұрғыда қателіктерді ескеріп, оны дамыта түсу керек екенін жеткізді.
«Барлығын жауып тастаудың салдарынан, өкінішке қарай, біз көп жылдарға артта қалып қойдық. Сондықтан да, медициналық сақтандыру деген не? Бұл - бәрінен бұрын медициналық мекемелерді қаржыландыру жүйесі. Жүйе медициналық мекемелерді күтіп ұстау мен қаржыны игеруге емес, яғни тұтынушылар мүддесіне, қызметке, науқастарға негізделген. Атап айтқанда, сақтандыру ақшасы емделушінің соңынан еріп жүреді. Бұл қызмет барша жұмыс істейтін Қазақстан тұрғындарының төлемі. Осы жағдайда біз өзара көмектің кассасын құрамыз»,-деді ол.

Соңғы жаңалықтар