Д.Назарбаева: Қазақстанда алғаш рет қажетсіздіктен балалар үйі жабыла бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда алғаш рет қажетсіздіктен балалар үйі жабыла бастады. Бұл туралы бүгін Қазақстан білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде сөз сөйлеген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева мәлім етті.

Д.Назарбаева: Қазақстанда алғаш рет қажетсіздіктен балалар үйі жабыла бастады

Вице-премьердің  деректеріне сәйкес, бүгінде Қазақстанда 8 мың жетім бала бар.

«Өздеріңіз білесіздер, бізде жаңа саясат жүргізілуде. Біздің мақсатымыз - әрбір бала отбасында өсуі үшін жағдай жасау. Бұл жұмыстар қазір өз жемісін беруде. Қазақстанда алғаш рет қажетсіздіктен балалар үйі жабыла бастады», - деді Д.Назарбаева.