Д.Назарбаева: Қазақстандықтар Ұлт жоспарын жүзеге асырудан туындайтын мүмкіншіліктерді білуі тиіс
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар Ұлт жоспарын жүзеге асырудан туындайтын мүмкіншіліктерді білуі тиіс. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева мәлім етті.
«Ұлт жоспарының табысты жүзеге асырылуы Қазақстанға дамудың жаңа деңгейіне көтерілуге, экономикалық өсім үшін лайықты жағдай жасауға және барша қазақстандықтардың өмірін жақсартуға мүмкіндік береді. Ұлт жоспары келешекте қазақстандықтардың өмір сапасын бүгінгі ЭЫДҰ елдерінде орын алып отырған жоғары өмір деңгейі мен стандарттарына сәйкестендіруге бағытталған», - деді вице-премьер.
Сонымен қатар Д.Назарбаева Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында еліміздің әрбір азаматы үшін әлемнің ең дамыған елдеріндегідей жаңа мүмкіншіліктер ашылатындығын айтты.
«Сондықтан да бұл мүмкіншіліктер жайында қазақстандықтардың білгені және оны тиімді пайдалана алғаны барынша маңызды», - деді Д.Назарбаева өз сөзінде.