Д.Назарбаева: шетел тілін үйрену - Альцгеймер ауруының алдын алудың бір жолы (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева шетел тілін үйрену Альцгеймер ауруының алдын алудың жақсы жолы екендігін айтты. Ол бұл ойын Астана қаласы әкімдігіне қарасты кәсіби-техникалық колледж ұжымы мен студенттерімен кездесу барысында айтты.

Д.Назарбаева: шетел тілін үйрену - Альцгеймер ауруының алдын алудың бір жолы (ФОТО)

Вице-премьер өз сөзінде 2018-2019 жылдары мектеп түлектері мен 9-10 сыныпты бітіретін оқушылардың ағылшын тілін біліп шығатындығы жоспарланып отырғандығын атап өтті.  Оның  атап өтуінше, колледж басшылығы мен оқытушылар құрамына ерекше талап қойылатын болады. Сондықтан қазірден бастап ағылшын тілін үйрене бастаулары қажет.

«Көптеген тәсілдер бар: Қашықтан оқып, электронды сынақтар тапсыруға болады. Бұл тиімді әрі экономикалық тұрғыда арзан. Маған оқулықтардың жоқ екендігін, әдебиеттерді табу өте қиын екендігін, ал ағылшын тілінде өте көп екендігін айтты. Егер біз тіл білгенімізде бұл әдебиеттер қол жетімді болар еді, заманауи білімді игеру аямыз кеңейе түсер еді. Қалай алып қарасақта оның оң жақтары өте көп. Жалқауланбау керек. Адамдар қосымша тіл үйрене бастаған кезде есте сақтау жады жақсарады және бұл - Альцгеймер ауруының алдын алудың жолы да. Бұл ғылыми тұрғыда дәлелденген», - деді ол.

Сонымен қатар ол қазір мүлдем басқа заман екендігін, ғаламтор, ондағы ғылым мен білім негізінен ағылшын тілінде екендігін айтты. «Сондықтан өзімізді және балаларымызды бұл мүмкіншіліктерден шектемейік», - деп түйіндеді сөзін Д.Назарбаева.

 null null null null null