Д. Өмірбаевтың «Студент» фильмі Португалияда өткен фестивальда арнайы жүлдеге ие болды

АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - Режиссер Дәрежан Өмірбаевтың «Студент» фильмі 9-18 қараша аралығында Португалияда өткен Lisbon & Estoril Film Festival фестивалінде қазылар алқысының арнайы жүлдесіне ие болды.

Д. Өмірбаевтың «Студент» фильмі Португалияда өткен фестивальда арнайы жүлдеге ие болды

Фильм негізгі конкурстық бағдармаға қатысты. Бұл туралы Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

Фестивальдің негізгі мақсаттарының бірі әртүрлі мәдени тәжірибені: киноны әдебиетке, музыканы сурет өнеріне араластыру болып табылады. Оған қоса, кинематографистер, ойшылдар, суретшілер мен көрермендер арасында диалог орнату. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл - заманауи тақырыптарды көрсетіп, талқылайтын, аудиторияны Еуропа мен әлемнің тек танымал ғана емес, сондай-ақ аса танымал емес фильмдермен таныстыратын,  португалдық киноөндірушілер үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын жақсы алаң.