14:00, 24 Қаңтар 2011 | GMT +5
Д. Петрухиннің әлемдік шеруі аяқталды
АЛМАТЫ. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Белгілі байкер Дмитрий Петрухинің 7-Қысқы Азия ойындарын насихаттауға арналған шеруі аяқталды.

«Шеру басталған 2007 жылдан бері Азия ойындары менің жүрегімде жүрді. Бұл маған үлкен қуат сыйлады. Түрлі жайттарға қарамастан, өз-өзіме сенімді болдым. Нәтижесінде шеру сәтті аяқталды»,- дейді ол.
Байкердің айтуынша, шеру басталған 2007 жылдан бері әлемнің 45 елінде болған. «Азия ойындарын насихаттау түрлі елде, түрлі жағдайда жүзеге асырылды. Әсіресе, есімде ерекше қалғаны 2010 жылдың желтоқсан айында Гонконгта 35 елдің бас консулдарының алдында сөз сөйлегенім. Онда мен еліміздің жетістіктері, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы, Астана Саммиті жайында баяндадым»,- деді Д.Петрухин.