18:00, 30 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Д.Тен Загребте Қазақстан Әнұранына қатысты оқиғаның мән-жайын айтып берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен желтоқсан айында Хорватияда Golden Spin of Zagreb атты турнирдің марапаттау сәтінде Қазақстан Әнұранына қатысты олқылық туралы туралы айтып берді.

«Бұл - өте жағымсыз оқиға. Ең маңызды турнирлердің бірінде жеңіске жеткен кезде болғаны тіпті, өкінішті. Басқа емес, Ресей және АҚШ сынды елдердің спортшыларын жолдан тайдырдым. Бірақ, марапаттау кезінде осындай қателік жасалды. Мен мұндайда не істеу керектігін білмедім. Мен Илья Ильин сияқты супержұлдыз емеспін. Басқаша істей алмадым», - деді Д.Тен бүгін Астанада тілшілермен болған кездесуінде.
Дегенмен, оның айтуынша, марапаттау рәсімінен кейін ұйымдастырушыларға аталған оқиғаға қатысты үлкен ескертпелер жасалды.
«Мен бұл оқиғаның Қазақстанда үлкен шу шығарғанын естідім. Бірақ мен жарыстарға жалғыз барамын. Менде осы іспен айналысатын адамдар жоқ. Бір өзім оны қадағалап отыруға үлгермеймін», - деді ол.