Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Д.Трамп Пентагон басшысын қарастырып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Пентагон басшысы болуға лайықты адамды қарастырып жатыр. Бұл туралы америкалық The Wall Street Journal газеті хабарлады, деп жазады «Хабар 24».

Д.Трамп Пентагон басшысын қарастырып жатыр

Басылымның жазуынша, үміткерлердің арасында АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының бұрынғы директоры Дэвид Петреус бар. Ол 2012 жылы өзінің биографымен некесіз қарым-қатынаста болған деген айыптан кейін қызметінен кеткен еді.

Сонымен бірге Теңіз жаяу әскер корпусының отставкадағы генералы Джеймс Маттис те АҚШ-тың Қорғаныс министрі болып қалуы ғажап емес. Ол жақын арада Трамппен Нью-Джерсиде кездесуді жоспарлап отырған көрінеді.