Дабыра ұрандатулар аз, нақты істер көп болуға тиіс - баспасөзге шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі 20 ақпан, сенбі күні жарық көрген республикалық бұқаралық ақпарат құралдарындағы өзекті мақалаларға шолуды ұсынады.
None
None

***

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының республикалық сайлауалды штабында болды. Бұл жайында «Егемен Қазақстан» газетінің сенбілік санындағы «Дабыра ұрандатулар аз, нақты істер көп болуға тиіс» деген тақырыптағы мақалада кеңінен баяндалған. Елбасы, партия Төрағасы «Үгіт-насихат жұмыстары және логистика тобының», «Ұйымдастыру жұмыстары тобының» және «Ақпараттық-сараптамалық топтың» қызметімен танысты. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті өңірлік штабтар басшыларымен және мүшелерімен бейнеконференция режімінде кеңес өткізіп, барлық облыстық штабтардың үгіт-насихат науқанына дайындығы туралы есептерін тыңдады. Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отанның» барлық азаматтарға түсінікті сайлауалды науқанын жүргізуі керектігін айтты. «Шерулету мен жасандылықтың қажеті жоқ. Әрине, бұқаралық үгіт шаралары маңызды, бірақ бастысы бұл емес. Әрбір адамға сөзіміз жетуі, жұмысымыздың мәнін БАҚ пен белсенділер арқылы түсіндіру маңыздырақ. Дабыра ұрандатулар аз, нақты істер көп болуға тиіс. Бұл үшін партиялықтар қоғамның барлық топтарының ауыл мен қала тұрғындарының, кәсіпкерлер мен зиялы қауымның мұң-мұқтажын білуі және ескеруі керек. Электораттық кезеңді азаматтарымызды топтастыруға, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті одан әрі нығайтуға қолдану қажет», деді Мемлекет басшысы.

«Бельгияның астанасы Брюссель қаласында Еуроодақтың соңғы жылдардағы ең бір күрделі саммиті болып өтті. Күрделі дейтіннің жөні бар. Ұлыбритания өзінің бірқатар талабын алға тартып, Еуроодақ елдері басшыларына ультиматум қоюы, талаптары орындалмаса, мүшеліктен шығатынын айтуы, Еуропаға ағылған босқындар проблемасының уақыт өткен сайын қоюлана түсуі осылай деуімізге негіз болып отыр», - деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті. Басылымның жазуынша, Миграциялық дағдарыспен күрес бағдарламасының өткен күздің басында талқыланған шаралардан, іс жүзінде, өзгешелігі шамалы. Олар: ЕО шекарасын нығайту, қабылдау орталықтарын құру, босқындарды тіркеу мен сорттау, елінде басына қатер төнетін адамдарға ғана баспана беріп, экономикалық жағынан ауқаттыларын үйлеріне қайтару. Мигранттарды жылдам сорттау үшін ЕО «қауіпті» және «қауіпсіз» елдер тізімін жасамақ. Соған сәйкес, алғашқыларына жататындар, тұтастай алғанда, босқындар ретінде, ал екіншілері экономикалық мигранттар ретінде қарастырылатын болады. Босқындар, квоталарға сәйкес, ЕО-ның барлық елдеріне орналастырылады. Мақала «Еуропалық одақтың нәтижесіз саммиті» деген тақырыппен берілген.

***

Қызылордада елестер тұратын іші құпияға толы үй бар. Ол қазақстандық банктердің біріне тиесілі, яғни кепілге қойылған. Бұл жайында «Экспресс К» газетіндегі «Тихий дом» деген тақырыптағы мақалада айтылған. Басылымның жазуынша, көршілер бұл үйдің бұрынғы қожайыны онда ұзақ тұра алмаған көрінеді. Бастапқыда белгісіз дыбыстар шығып, кейін ыдыс-аяқтар өздігінен сынып, жиһаздар орындарынан қозғала басталған. Ал одан кейін бір түнде үй иесі түнде елес көрген. Осыдан кейін үй егесі бұл сәулім сарайдан көшуге шешім қабылдаған. Дәл көшетін түннің алдында үйдің терезелері кенеттен сынған.

***

Көкпекті ауылының тұрғыны Бәтимаш Айдарова мүгедек болса да өз бизнесін жолға қоюға болатындығын дәлелдеп берді», - деп жазады «Казахстанская правда» газеті «Своя ноша не тянет» деген тақырыптағы мақаласында. Бәтимаш апа бір кездері сауда саласында жұмысты жыл бойы денсаулығына байланысты үйде отырып, істеген. Бірақ соңғы 7 жыл бойы денсаулығына байланысты үйде отырып, 2 топтағы мүгедектіктің жәрдемақысын алған. «Кенеттен мұнан әрі және осылай жалғаса беруі тиіс еместігін түсіндім. Үйдегі барлық жұмысты атқарып, күйеуімді жұмысқа шығарып салып, қарсы алып, қызыма немерелерімізді тәрбиелеуге көмектессем де өзімді бақытты сезіне алмадым», - деді ол. Бірде ол осыдан бірнеше жыл бірге жұмыс істеген әріптесі, бүгінде ШҚО Кәсіпкерлер палатасы Көкпекті филиалының жетекшісі Әлия Мұқашевамен жолығып алған. Бүгінде Бәтимаш апасы осы азаматшаның көмегімен өз бизнесін жолға қоюға мүмкіндік алған.

Соңғы жаңалықтар