Дағдарыс ізін қалдырмай кеткен жоқ: отандық бизнесмендердің басым бөлігі айтарлықтай ауыр жағдайда тұр - Т. Құлыбаев
АСТАНА. 8 сәуір. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Дағдарыс ізін қалдырмай кеткен жоқ: отандық бизнесмендердің басым бөлігі айтарлықтай ауыр жағдайда.
Бүгін Астанада «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасы Президиумының кеңейтілген отырысында президиум төрағасы Тимур Құлыбаев осындай пікір айтты.
«Осы мақсатта елдегі кәсіпкерлікті қолдауға арналған жүйелі шараларды атқаруымыз тиіс. Бұл - заңнаманы, сонымен қатар қаржылық сауықтыруды жетілдіруге қатысты мәселелер. Осы орайда бүгінгі отырыста аталған мәселелер қызу талқыланып жатыр», - деді Т. Құлыбаев.
Палата президиумы төрағасының атап өткеніндей, бүгінгі таңда ҚР Үкіметі отандық кәсіпкерлікті қолдауға арналған бағдарлама қабылданған. «Конституция бойынша жаңадан жасақталатын Үкімет құрамы Елбасының кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы саясатын одан әрі қарай жалғастыратынына сенім артамыз», - дейді ол.