Дағдарыс кезінде Астанадағы үлескерлердің мәселесін шешуге 1 млрд. АҚШ доллары бөлінді - И.Тасмағамбетов

АСТАНА. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат - Дағдарыс кезінде Астанадағы үлескерлердің мәселесін шешуге 1 млрд. АҚШ доллары бөлінді.

Дағдарыс кезінде Астанадағы үлескерлердің мәселесін шешуге 1 млрд. АҚШ доллары бөлінді - И.Тасмағамбетов

Бұл туралы бүгін жылу беру маусымына дайындық мәселелеріне арналған жиында Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті.

«Егер сол кезде мемлекет бұл жауапкершілікті өз мойнына алмағанда 45 мың отбасы баспанасыз қалып, қаланың, тіпті тұтас мемлекеттің әлеуметтік тұрақтылығы не болатыны белгісіз еді», - деді И.Тасмағамбетов.

Оның сөзіне қарағанда, бұл түйткілді шешуге 5 жыл кетті.

«Дағдарыс кезінде салынып жатқан тұрғын үйлердің негізгі бөлігі тұралап қалды. Біздің қалада 45 мыңнан астам үлескер болды және олардың мәселесін шешуге 5 жыл уақыт жұмсалды. Мемлекеттік бюджеттен 1 млрд. АҚШ доллары бөлінді», - деп түйді сөзін елорда әкімі.