Дағдарыс салдары: неміс миллиардері пойыздың астына түсіп мерт болды

БЕРЛИН. Қаңтардың 7-сі. ҚазАқпарат - Танымал неміс миллиардері Адольф Меркле өткен түні пойыздың астына түсіп қаза тапты,
None
None
деп хабарлайды неміс прокуратурасы. Тергеушілердің деректеріне қарағанда, 74 жастағы бизнесмен, холдингтік компаниясы дағдарыс салдарынан көптеген миллиардқа шығынға ұшырағаннан кейін, өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.Оқиғаның мән-жайына қанық дерек көздің айтуынша, А.Меркле пойыздың астына түсердің алдында хат жазып қалдырған. Дәрі-дәрмек өндірумен және сатумен, сондай-ақ цемент өндірісімен айналысатын VEM Vermoegensverwaltung холдингтік компаниясына иелік еткен кәсіпкердің дүние-мүлкі былтыр 9,2 миллиард долларға бағаланған болатын. Ал қор рыноктары құлдырай бастағанан кейін, А.Меркленің де қаржысы азая бастаған.
Соңғы жаңалықтар