Дағдарыс титықтатқан португалдықтар алаңға шықты

АСТАНА. 20 қазан. ҚазАқпарат - Лиссабон қаласының мыңдаған тұрғындары көшеге шықты.

Дағдарыс титықтатқан португалдықтар алаңға шықты

Олар Португалия үкіметінің ел экономикасын сауықтыруға байланысты іске асырмақ болған шараларына наразылық білдіруде, деп хабарлайды "Вести".

Бұдан бұрын Португалия үкіметі алдағы жылы бюджет жетіспеушілігіне орай шығынды 3,2 млрд еуроға кемітетіндігін хабарлаған болатын. Қаржы министрлігінің басшысы болса, айына 600 еуродан жоғары жалақы алатын мемлекеттік қызметкерлердің айлығы 2,5 -21 пайызға кесілетіндігін мәлім еткен еді.