Дағдарыс жағдайында кәсіпқойлардың рөлі артты - PR-шы клубының президенті Лариса Пак

АЛМАТЫ. Мамырдың 21-і. ҚазАқпарат /Айгүл Тұрысбекова/ - PR-мамандары міндеттерінің бірі - бизнестің дағдарыстан шығуына көмек жасау. Бұл тұрғыда PR-коммуникация өз рөлін орындауы тиіс. Бұл жөнінде ҚазАқпарат тілшісіне Алматыда өтіп жатқан 5-ші халықаралық PR-форумда PR-шы Клубының президенті, kaspi bank атқарушы директоры Лариса Пак әңгімелеп берді.

Дағдарыс жағдайында кәсіпқойлардың рөлі артты - PR-шы клубының президенті Лариса Пак
Оның пікірі бойынша, кәсіби қоғамдастық, оның ішінде PR ең жас мамандық ретінде саналатын Қазақстан үшін мұндай форумдар өте қажет. «Батыс елдерінде бұл мамандықтың жұмыс жасап келе жатқандығына 40 жылдан астам уақыт өтті, АҚШ пен Еуропада аталған саланың белгілі деңгейдегі мол тәжірибесі қалыптасты. Дейтұрғанмен, бүгінде елімізде және әлемде жағдай өзгеріп жатыр. Егер де, осыдан бес жыл уақыт бұрындары PR-шылар қоғаммен байланыс жасайтын мамандар ретінде ғана танылса, бүгінгі ахуал өзгеше, олар қазір ? директорлар кеңесінің мүшесі. Дағдарыс жағдайында осы саладағы кәсіпқойлардың рөлі арта түсті. Экономикадағы өзгерістер жаһандық деңгейде ойлауға және шешімдер қабылдауға міндеттейді», - деп атап өтті Л.Пак.PR-шы Клубының басшысы аталған мамандық Қазақстанда үлкен беделге ие болып келеді және ол сұранысқа ие болып отыр деп санайды. Осы сала бойынша кәсіби мамандар дайындауда олардың дәрежесін көтеру қажет. «Ия, ҚР Білім және ғылым министрлігі PR-қызметті мамандық ретінде таныды, оны қайта қалпына келтірді. PR-шы саласы мамандарының журналистер емес екендігін біз дәлелдей алдық. Дегенмен, өкінішке орай елімізде осы мамандық бойынша ғылыми-әдістемелік базалар әлі толық жасалмағанын біз түсінеміз. Бұған кім оқытады. Тәжірибе жинақтаған мамандар өз білгендерін үйретуі тиіс. Дегенмен әдістемесіз іс өнеді деп айта қою да қиын. Өзіміздің тәжірибеміз әзірге жоқ, ал шетелдікі біздің талаптарға сәйкес келе бермейді.Осы саланың құрылымын жасауды шұғыл қолға алуымыз қажет», - деп есептейді маман.Л.Пак ҚР Білім және ғылым министрлігіне оқу бағдарламасы мен оқулықтар жасау үшін жұмыс тобын құру қажет деген ұсыныс айтады. «Қанша дегенмен, елімізде PR-нарығы жоқ емес, бар, осы салада қызмет атқаратын мамандар өздерінің қоғамдық бірлестіктерін құрды, белгілі деңгейде тәжірибе де жинақталды. Бұл мәселемен біз теория мамандарымен бірге жүйелі түрде айналысуға дайынбыз. Қатарымызда білім беру саласында еңбек ететіндер жетерлік, күш қоса отырып оқу құралдарын жасап шығаруға талпыныс жасап отырмыз. Дегенмен, мұның барлығы да жергілікті шағын сипаттарға ие. Сондықтан осы ведомство үйлестіріп отыратын орталық болуы тиіс. Ал біздер болсақ, мемлекет ретінде өзіміздің беделдік капиталымыз болса дейміз, сол үшін жұмыстар жасап жатырмыз», - дейді ол.Форумға қайта оралар болсақ, қазіргідей дағдарыс белең алып тұрған жағдайда оның маңызы да ерекше, деп атап өтті Л.Пак. «Ең бастысы, әр қалалардан келген 200-ден астам адам бас қосты. Бұл зияткерлік сана мен ұжымдық зияткерлікке жасалып отырған аппеляция. Біз мынаны түсінуіміз керек, біздің шешімдеріміз, біздің идеяларымыз тек біздің компанияның ғана мәселесін шешіп қоймай, бұл тұтынушылардың да, инвесторлардың да ой-өрісіне қозғау салуы керек. Біздердің қолымызда осы идеяны таратуға деген ықпал күшті. Осындағы адамдардың барлығына да форумнан кейін бастарына тың ойлар мен ықпалды идеялар келсін деп тілеймін», - дейді PR-шы клубының президенті.Оның айтуы бойынша. бүгінгі күннің PR-маманы әлеуметтік жауапкершілікті терең сезіне білуі және оны этикалық нормаларға сәйкес жұртшылыққа жария етуі қажет. «Мәселен, егер компания бағытынан жаңылса, қоғам мен тұтынушыдан қол үзе бастайтын болса, онда оның басты міндетінің бірі - қоғамға қарсы ұстанымның дұрыс емес екендігін айтып түсіндіруі керек. Әрине, бірқатар шешімдер бар ? олар қысқа мерзімдік кезеңде тиімді пайдаланылғанымен, ұзақ мерзімдік бизнеске айтарлықтай шығын әкелуі мүмкін. Осылайша түсіндірер болсақ, басқарушылық шешімнің деңгейі бизнеске ықпал етпей тұрмайды», - деп атап өтті kaspi bankтің атқарушы директоры.Л.Пак атап өткендей, PR ? қызметтің міндеттері дағдарыс жағдайында өзгеріске ұшырай қойған жоқ. Керісінше, бүгінде олардың барлық қызметтері сұранысқа ие, БАҚ-пен жұмыстарға үлкен мән беріліп отыр. Көптеген компаниялардың бюджеттері қысқарып кетті десек те, олардың ішкі сауатты коммуникацияға, әлеуметтік корпоративтік жауапкершілікке деген қажеттіліктері артты. «Құрылыс секторынан басқа салалардың көпшілігінде PR-мамандары қысқартуға ұшырай қойған жоқ, керісінше PR-мамандарының мәртебесі өсті. Бүгінгі таңда стратегиялық ойлау деңгейінде шешім қабылдай алатын, дағдарысқа қарсы жағдайда жұмыс істейтін мамандар тапшы. Рынокқа командалық жобада жұмыс істей алатын мамандар қажет. Дағдарыс кезінде олардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктері анық көрініс берді және олардың бизнестегі орындары да байқалды. Қазіргі уақытта олардың алдарында үлкен істер тұр», - деді PR-шы Клубының президенті.Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 5-ші Халықаралық PR-форум өз жұмысын кеше мамырдың 20-сында кешкілік бастады. Оның жұмысына Ұлыбритания, Болгария, Ресейдің жетік мамандары мен екінші деңгейдегі банктердің, ірі ұлттық компаниялардың PR-департаменттерінің, БАҚ-тардың басшылары мен сараптаушылар қатысуда. «Арна Медиа» медиа-холдингі мен «ҚазАқпарат» ҰК форумның ақпараттық әріптесі болып отыр.