Дағдарыс жағдайында негізгі валюталар - доллар мен еуроның тұрақтылығына баса назар аудару қажет - Р. Манделл

АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Дағдарыс жағдайында негізгі валюталар - доллар мен еуроның тұрақтылығына баса назар аудару қажет. Бүгін «Еуразияның жаһандық қатерлер жүйесіндегі экономикалық қауіпсіздігі» атты тақырыпта елордада өтіп жатқан
None
None
ІІ Астаналық Экономикалық форум барысында баяндама жасаған Нобель сыйлығының иегері Роберт Манделл осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Бүгінгі дағдарыс жағдайында негізгі валюталар - доллар мен еуроның тұрақтылығына баса назар аудару қажет. Егер негізгі валюталар тұрақты болса, онда өңірлік деңгейдегі тұрақтылық проблемаларын шешу де оңайға түседі. Сонымен бірге, бүгінгі күні әлемдік қаржы дағдарысымен күрестегі ұсыныстардың бірі ғаламдық валюта жүйесін құру болып отыр. Бұдан бұрын да әлемдік валюта енгізу мәселесі көтерілгенімен, бұл қадамдардың барлығы сәтсіз болды. Дегенмен де, әлемдік валютадан бөлек өңірлік валюталарды енгізу туралы ұсыныстардың да өзіндік ерекшеліктері бар», деді Р. Манделл. Оның айтуынша, Азияда - азиялық валюта, Африкада - африкалық валюта, сондай-ақ Еуразияда - еуразиялық валюта құруға да болады. Тіпті әлемдік бірыңғай валюта енгізу мүмкін болмаса, онда осы қадамға мүмкіндік жасау қажет.
Соңғы жаңалықтар