Дағдарысқа қарамастан, Алматы дамып, гүлдене береді - Н.Назарбаев

АЛМАТЫ. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Даурен Жайлин/ - Біздің бұрынғы астанамыз, немесе халқымыз «оңтүстік елорда» деп атайтын Алматы қаласы өз дамуын жалғастыруда.

Дағдарысқа қарамастан, Алматы  дамып,  гүлдене  береді -  Н.Назарбаев
Мемлекеттің бұл қалаға деген назары бір бәсеңсіген жоқ. Бүгін Алматыдағы Абай -Жандосов ? Сәтбаев көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың құрылысымен танысқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Елбасы атап көрсеткендей, Алматы әрқашан әдемі және көк желекті қала болған. «Бірақ дәл тәуелсіздік жылдары Алматы қазіргі заманға сай қалаға айналды. Соңғы санақ көрсетіп отырғандай, қала тұрғындарының саны 1,5 миллион адамға жақындап отыр. Заманауи қонақүйлердің, кеңселер мен жоғары сапалы үйлердің, жаңа мектептер мен ауруханалардың, көлік қозғалыстарын жеңілдететін жолайрықтардың пайда болуы Алматыны әлемнің танымал шаһарларымен теңестіріп, қазіргі заманғы қалаға айналдырды. Және бұл жұмысты біз қала тұрғындарымен бірлесіп жалғастыратын боламыз», - деді Президент.Н.Назарбаевтың айтуынша, мемлекет қаланың көркейіп, тұрғындар үшін жайлы бола түсуіне тұрақты қаржы бөліп отыратын болады. «Біз қаламызға көптеген жаңа нысандар тұрғызып беретін қысқы Азия ойындарын міндетті түрде осында өткіземіз. Дағдарысқа қарамастан, қаламыз дамып, гүлдене түседі», - деп атап көрсетті Елбасы.